Қазақстан Халық партиясының Ақмола облыстық филиалы «LIDER.KZ Астана еріктілері» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Рәсімделген құжатқа сәйкес, партия өкілдері мен еріктілер Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктеріне хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуге көмектесетін болды.
Тараптардың айтуынша, бірлескен шара мәселені тиімді және жылдам шешуге, жоғалған адамдарды іздеу ісін ілгерілетуге ықпал етеді.
– Бұл еліміздегі еріктілер қозғалысын дамытуға жасалған маңызды қадам. Қазақстан Халық партиясының Ақмола облыстық филиалына еріктілер қозғалысын қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою арқылы біз үлкен күшке айналдық. Болашақта нақты нәтижеге қол жеткіземіз, ел үшін пайдалы іс жасаймыз деп үміттенеміз, – деді «LIDER.KZ Астана еріктілері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері.