Халықтың басым бөлігі АЭС құрылысын қолдады

dep.jpg

ҚР Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыұлттық референдумның қорытындысы туралы алдын ала мәліметтерді жариялады. Еліміздегі тұңғыш АЭС-тің салынуын сайлаушылардың 70 пайыздан астамы қолдады.

ОСК басшысы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, қолда бар есеп бойынша дауыс беруге 7 820 204 азамат қатысты, бұл қазақстандық сайлаушылардың жалпы санының 63,66 пайызын құрайды. Референдум бір күн бұрын, яғни 6 қазанда өтті деп танылды. Кеше 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 51,77 пайызы дауыс бергені жарияланған болатын.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова бұл көрсеткішке мысқылдап пікір білдірде.

«Енді физиканы кім жақсы оқығанын білу қызық», - деді мәжілісмен.

Кейінгі есептеулер көрсеткендей, радиофобияны эмоционалды, бірақ сенімсіз түрде насихаттайтын «лириктерге» қарағанда, ядролық энергияның артықшылықтары туралы білетін «физиктер» көп болып шықты. АЭС құрылысын 5 561 937 адам (яғни, 71,12%) қолдаған. 2 450 270 азамат қарсы дауыс берген. Референдумда тағы 82 мыңға жуық сайлаушы бірден екі жауап нұсқасын да көрсеткен. Мұндай бюллетеньдер жарамды деп саналғанымен, санау кезінде есепке алынбайды. Ал бүлінген бюллетень саны 130 мыңнан асты.

Бақылаушылар да алдын ала қорытындылар шығарып жатыр. Осы ретте ТМД елдері миссиясының өкілдері дауыс беру прцесі талаптарға сай және тыныш жағдайда өткенін айтты.

«...Азаматтар процес барысында жылы шырай танытып, референдум өткізу туралы шешімге және онда көтерілген мәселеге оң көзқарас танытты. Дауыс беру ашық түрде өтті. Ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ», - делінген ресми хабарламада.

2024 жылдың 6 қазанында елімізде АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Бюллетеньде бір сұрақ болды: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?». Ал дауыс берушінің таңдауына екі жауап нұсқасы ұсынылды: «иә, келісемін» және «жоқ, келіспеймін».


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy