Әйелдердің зейнет жасын төмендету қажет

Қазақстан Халық партиясы Астана қалалық филиалының үгіт-насихат тобы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС ұжымымен кездесті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар теміржолшыларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Партия өкілдері әділетті Қазақстанның басты байлығы адам екенін атап өтті.

– Халық партиясы социал-демократиялық бағыттағы саяси күш. Ол халықтың мүддесін білдіреді, – деді Астана қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Дархан Рамазанов. – Жаңа Қазақстанға – жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын тиісінше қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет.

ҚХП еңбек адамын үнемі назарда ұстайды. Партия жаңа Еңбек кодексін қабылдауды талап етеді.

– Жүк тасымалы саласында әйел адамдар да жұмыс істейтінін білеміз, – деді Парламент Мәжілісіне кандидат Нұрдәулет Оразханов. – Әйел адамдарға 63 жасқа дейін жұмыс істеу оңай емес. Сондықтан біз әйелдерді 58 жаста зейнетке шығаруды талап етеміз, – деді ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy