Мүгедек адамдарды тасымалдау ережелерін пысықтау қажет

dep.jpg Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

«ОДИ» ҚБ (мүгедек балалар қоғамы) өкілдері мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызмет көрсету Ережелеріне шағымданды. Қоғамдық бірлестік Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Астанада «Инватакси» қызметін іске асырады.

– Ережелер тым түсініксіз, – деп атап өтті бірлестік төрағасының орынбасары Оксана Омелковец.

Айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарды кәмелетке толмағандар ертіп жүреді. Ал бұл жағдай қоғамға аса қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Тіпті, психикалық ауытқулары бар балаларды кей кездері тоқтату мүмкін болмай қалады. Ал Ережеде ертіп жүретін азаматтардың жасы көрсетілмеген.

Инватакси тұжырымдамасының бұлыңғырлығына байланысты көптеген өзекті мәселелер ескерілмеген.

«Біз бюджет аясында жұмыс істейміз», – деп түсіндіреді Омелковец. – Бізге берген бюджетті ұлғайта алмаймыз. Инватакси қызметін кеңейтсек, берілген бюджет жетпейді. Ал бұл мәселені әкімдік шешуге асықпайды.

Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжан қоғам белсенділеріне өз талап-арыздарын жазуды ұсынды. Өз тарапынан Көлік министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бұл мәселені жеткізетін айтты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy