Табиғи байлықтар - Қазақстан халқына!

dep.jpg

Кезінде Қазақстан Халық партиясының Конституцияға ұсынған түзетулері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінде толыққанды заңнамалық көрініс тапты. Мәжілісмендердің өздері бұл өзгерістерді саяси-қоғамдық және әлеуметтік экономикалық маңызы зор тарихи өзгерістер деп атады. Кодексті Парламент Мәжілісі қабылдап, Сенатқа жолдады.

Мәселе ҚР Конституциясының 6-бабы жайлы болып отыр. Онда: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп жазылған. Бұл бап еліміздің бас құжатына ҚХП бастамасымен енгізіліп, жалпыхалықтық Референдум барысында қабылданған болатын.

Бұл баптың қабылдануы көптеген мәселе тудырды, атап айтқанда, оны іс жүзінде қолдануға қатысты көп сұрақтар туындады. Мәселен, қазақстандық азаматтардың мүдделерін қорғай отырып, елдегі оң инвестициялық ахуалды қалай сақтап қалуға болады? Ұзақ талқылаулардан кейін парламентарийлер болашақта тікелей келіссөздер негізінде және белгілі бір шарттармен жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарттар жасасу туралы шешімге келді.

– Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, геологиялық қоры 100,0 млн тоннадан астам мұнай және 50 млрд текше метрден астам газ бар барлық ірі кен орындары бірінші кезекте қазақстандық ұлттық компаниялардың қатысуымен әзірленетін болады, - деп хабарлады депутат Еділ Жаңбыршин.

– Келісімшарттағы ұлттық компанияның үлесі 50% -дан жоғары болуы тиіс. «Қазақстанның жер, жер қойнауы және басқа да табиғи байлықтары халыққа тиесілі» деген бастама Қазақстан Халық партиясының Тұғырнамасына кіреді.

– Біз еліміздің әрбір азаматына ұлттық байлықтың тиесілі үлесін қайтару тетігін соңына дейін жеткіземіз! - дейді ҚХП өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy