МҰҚАШЕВ СЕРІКҚАЛИ ЖҮНІСБЕКҰЛЫ

1970 жылы Семей облысы Үржар ауданы Науалы ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Журналист», кейінірек Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторантурасын «Саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын студенттік жылдары «Өркен – «Горизонт» республикалық жастар басылымының тілшісі болып бастаған. Әр жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі, «Трансатлантик групп лтд» Қазақстан-Америка консорциумының Ақпарат және жарнама басқармасының басшысы, ҚР ТРК республикалық Қазақ радиосының бас редакторы – жарнама қызметінің басшысы, ҚР СІМ Әкімшілік департаментінің екінші хатшысы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік кірістер министрінің баспасөз хатшысы болды. ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне, ҚР Президентінің баспасөз қызметінің БАҚ-пен өзара іс-қимыл секторына жетекшілік етті. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі және «Алтай Ассет Менеджмент» АҚ Әкімшілік директоры болды.

Сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Еуразия-Ақпарат» ақпараттық-баспа орталығының директоры, хатшылық меңгерушісі, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасының баспасөз хатшысы болды және ҚР Бас Прокуроры Аппаратының медиа-орталығын басқарды. «Нұр Медиа» холдингінің Ақпараттық және жарнамалық саясат департаментінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Ақпараттық-талдау орталығының және «ПрофМедиа Астана» ЖШС директоры болды. Кейінгі жылдары «СК-Фармация» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі қызметін, «KZ Пульс» ақпараттық-талдау орталығы мен «Qoldasu» қоғамдық қорын басқарды.

2019 жылғы Президент сайлауында кандидаттың сенімді өкілі болды.

2023 жылғы 20 қаңтардан  ҚХП төрағасының орынбасары болып сайланды.