ОШАҚБАЕВ РАХЫМ СӘКЕНҰЛЫ

"Қазақстан Халық партиясы" ҚБ төрағасының орынбасары

1976 жылғы 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті экономика факультетінің түлегі, Вашингтондағы Джонс Хопкинс университетінің Жетілдірілген халықаралық зерттеулер мектебінде (SAIS) Орталық Азия-Кавказ институтының халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқыған.

Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржы-лизингтік компаниясында бастады. Мұнда бас есепші, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2003 жылы Дүниежүзілік банктің Халықаралық қаржы корпорациясында (IFC) Қазақстандағы лизингті дамыту жобасының жетекшісі болды. 2009-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС бас директоры болды.

2011 жылдың мамыр айынан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. Бұған дейін қордың ақпараттық-талдау департаментін басқарды. 2012-2013 жылдары «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды, онда агроөнеркәсіптік кешен, салалық мемлекеттік бағдарламалар, салық салу және қоғаммен байланыс мәселелеріне жетекшілік етті.

«Atameken Startup» жобасының авторы – жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі республикалық бағдарлама. 2013-2015 жылдары «Атамекен» Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары болды. Мұнда интеграция, кедендік және техникалық реттеу, агроөнеркәсіп кешені, тамақ өнеркәсібі, жаңа технологиялар және Жасыл экономика мәселелерімен айналысты.

2015 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап «ТАЛАП» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры.