САЙФУЛЛИН НАИЛЬ КАМЫЛОВИЧ

"Қазақстан Халық партиясы" ҚБ төрағасының орынбасары

1955 жылғы 28 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тарих мамандығы, Т.Г. Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін философия мамандығы, Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Философия ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары «Степногорск подшипник зауыты» АҚ конкурстық басқарушысының орынбасары, «Ақмола электржелісін үлестіру компаниясы» ААҚ оңалту басқарушысы болып жұмыс істеді.

«Ақмола электржелісін үлестіру компаниясы» ЖАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «АКЦЕПТ» корпорациясы» ЖАҚ президенті, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы, «Астана ОАЭК» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің директоры, «Астана РЭК» АҚ басқарма төрағасы, «Астана ОАЭК» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің директоры және «АЭҮК» АҚ бас директоры болды.