1960 жылы Қырғыз КСР Ыстықкөл облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл облысының № 22 орта мектебінің мұғалімі, білім ошағының штаттан тыс ұйымдастырушысы болып бастаған.
Әр жылдары КСРО АШМ ғылыми-зертеу институтында зертханашы болып жұмыс істеді. Кейін Рузаевка ауылындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директоры қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Алматы қаласы №91, №68 орта мектептерін, №9 оқушылар үйін, №48 мектеп-лицейін басқарды.
Кейін VІ-VІІ шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2023 жылғы 20 қаңтардан бастап ҚХП төрағасының орынбасары болып сайланды.