ТЕМІРХАНОВ ТАЛҒАТ КЕҢЕСҰЛЫ

1987 жылы Қарағанды облысы Ақшатау кентінде дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Пайдалы қазбалар мен кен орындарын өңдеуді кешенді механикаландыру технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Қазмырыш» ЖШС «Малеевский» кенішінде жобалау бөлімінің инженері болып бастаған.

Әр жылдары «АрселорМиталл Теміртау» АҚ Көмір департаментінде еңбек етті. Кейіннен «Хим-плюс» ЖШС еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау Департаментінің директоры және ҚР Энергетика министрлігінің көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің бас сарапшысы болды. «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының Республикалық Қауымдастығы» ЗТБ экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне жетекшілік етті.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП базалық салалар және экология департаментінің басқарушы директоры, басқарма мүшесі және палата төрағасының орынбасары болды. «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылғы 20 қаңтардан  ҚХП төрағасының орынбасары болып сайланды.