Мәжіліс депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді, бірақ көптеген депутаттар (соның ішінде Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы) оны сынға алып, шенеуніктердің жұмысын тиімсіз деп атады.
Үкіметтің деректеріне сәйкес елдің ЖІӨ өсімі 5,1% -болып, ал жылдық инфляция - 9,8% болған.
– Қаржыландырудың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мемлекетке өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді, - деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрі Мәди Тақиев.
Бұл сөзбен дауласуға болады. Ондай мысалды ҚХП фракциясының депутаты Ирина Смирнованы келтірді. Ол өткен жылы Парламент мұқтаж азаматтарға тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауға 42,7 млрд. теңге мөлшерінде бюджет бекіткенін еске салды. Сома бірде азайды, бірде ұлғайды, ақырында толық игерілмей қалды. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 70 мың әлеуметтік осал азаматтың орнына тек 10 мың адамға ғана көмек көрсетілді (нақты жағдайда 645 мың 700 адам тұрғын үйге мұқтаж болғанымен!).
– Мұндай жағдай жаңалық емес, - өткен жылы да осындай болды, - деп атап өтті Ирина Смирнова. - Жоспарланған сома жыл сайын игерілмейді. Айтыңызшы, қажетті нақты соманы бірден жоспарлауға бола ма, жоқ па?
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың жауабына қарағанда, ведомствоның мұндай жоспары жоқ. Министр игерілмеген сома үшін шарт жасасу арқылы ресми түрде тұрғын үйді әлеуметтік осал санаттағы өкілдерге, атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға тапсырғысы келмейтін жалға берушілерді айыптады.
– Бірақ, шын мәнісінде, мен бұл бағдарламаны, бәлкім, тоқтатып тастамас едім, - деп шенеунік өз-өзін қолпаштағандай кейіп танытты. – Бәрі бір жұмыс қорытындысы бойынша 10 мың отбасы субсидияланған жалдау нәтижелерін пайдаланды.
«Қалған 60 мың отбасы олар үшін мемлекет бөлген ақшаны пайдалана алмады» деп Шарлапаев үнсіз қалды.