Біреу тасып жатады, ал пайдаға біреу батады!

dep.jpg

«Яндекс.Такси» платформасы қазақстандық такси қызметтері нарығын түгелге жуық иеленіп алған. Біздің азаматтар тасымал үшін едәуір сома төлейді (ТМД-да бәрінен көп!), алайда пайданың көп бөлігін компания алады. Жүргізушілерге тиын-тебен ғана қалады.

Бұл мәселені Қазақстан Халық партиясының депутаты Ислам Сұңқар депутаттық сауалында көтерген болатын.

– Біз «Яндекс.Такси» қызметіндегі комиссиясының өте жоғары екеніне алаңдаймыз, өйткені, ол қызмет құнына әсер ететіді, - деп атап өтті мәжілісмен. - Мысалы, тарифке және өңірге байланысты әрбір сапар үшін сервис комиссиясы 11-ден 17% -ға дейін алынады. Оған қоса, таксопарктердің ақысы 4% -ға дейін алынады. Бүгінгі таңда «Яндекс.Такси» қызметінде 200 мыңнан астам адам бар. Олардың 50 мыңнан астамы үшін – бұл негізгі табыс, қалғандары үшін - қосымша табыс.

– Және бұл факт адамдардың жаппай қымбатшылықтан қиналып жатқанын, жалақының төмендігінен өмір сүруге ақша жетпейтінін көрсетеді, - деп нақтылады Ислам Сұңқар. – Сондықтан да көп адам такси қызметінде жұмыс істеуге мәжбүр.

2023 жылды қорытындылай келе, БАҚ арқылы қазақстандық такси жүргізушілерінің табысы елдегі орташа жалақыдан екі еседен артық болғаны туралы ақпарат таратты. «Қазақстандағы Яндекс. Такси жүргізушісіне түсетін ақша айына 493 мың теңге», - деп жазған болатын.

Біздің ойымызша, түсім - бұл таза пайда емес. Және түсімді жалақымен салыстыру орынсыз. Жалақымен таза пайданы салыстыру керек.

– Егер такси жүргізушісі үшін 1000 теңгелік бір шартты тапсырысты декомпозициялап, одан барлық комиссияны, отын, жуу және автокөліктің табиғи тозуын есепке алу шығындарын алып тастасақ, онда жүргізушінің таза табысының сомасы шамамен 300-400 теңге болады, - деп түсіндірді ҚХП-дан сайланған депутат. - Біздің ойымызша, азаматтар такси қызметі үшін жоғары баға төлейді, ал жүргізушілер таза табыс түрінде осы соманың аз бөлігін ғана алады.

ҚХП фракциясы әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында «Яндекс.Такси» сияқты қазақстандық нарыққа кіретін басқа да компаниялардың комиссиялары бойынша тарифтік саясатты төмендету бойынша жұмыс жүргізуді ұсынады. Сондай-ақ - такси қызметін ұсыну саласында платформалық жұмыспен қамтуды ұсынатын отандық компанияларды дамыту үшін қолдау тетіктерін пысықтау мәселесіне де аса мән беру керектігіне назар аударады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy