Қазақстан Халық партиясы мен оның Қарағанды облыстық филиалының ұжымы партия белсендісі және қоғам қайраткері Виктор Яковлевич Чайканың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Виктор Яковлевич Чайка Киев облысы, Лесовичи ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Донецктегі тау-кен шебері қызметінен бастаған. 60-шы жылдары ол Қарағанды облысына көшіп келіп, ұзақ жылдар бойы «Қарағандыкөмір» кәсіпорнында, ал кейіннен - «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының департаментінде жұмыс істеді. Виктор Яковлевич өмірінің 50 жылын көмір өнеркәсібіне арнады, оның төрт жылын жер астындағы жұмыстарда өткізді. Ол кеншілердің барлық проблемаларын өз көзімен көріп-біле жүріп, оларды шешуге бар күш-жігерін жұмсады.
Виктор Яковлевич 2008 жылы зейнеткерлікке шыққан соң да қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастырып, оны өмірінің соңғы күндеріне дейін тоқтатқан жоқ. Оны Қарағандыда жақсы білетін және құрметтейтін. Ол ҚХП-ның белсенді өкілі болды, партия филиалы жанындағы Ардагерлер кеңесін басқарды, зейнеткерлердің, регресшілердің және мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған түрлі жобаларды жүргізді.
Бүкіл саналы ғұмырында адалдық пен әділеттілікті жақтаған жаны жайсаң жақсы адамның жарқын есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.