Жүргізушілерді қорғаңдар!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының Парламенттік фракциясы қоғамдық көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасын көтерді. Бұл мәселені Мәжілістің пленарлық отырысында фракция басшысы, депутат Магеррам Магеррамов айтты.

Депутат жақында Алматыда болған жантүршігерлік жол апатын еске салды. Сол кезде жолаушылардың бірі автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, басқарусыз қалған автобус аялдамаға соғылған. Салдарынан үш адам, соның ішінде көпбалалы ерлі-зайыпты мерт болды. Тағы төрт адам жарақат алды.

– Біз күнделікті қоғамдық көлік жүргізушілеріне миллиондаған азаматтарымыздың өмірін сеніп тапсырамыз, – деп атап өтті Магеррам Магеррамов. – Бұл ретте уәкілетті органдар тарапынан өз міндеттерін орындау кезіндегі қоғамдық көлік жүргізушісінің өмірін сақтау және оның қауіпсіздігі бойынша тиісті шаралар өз деңгейінде жасалмайды.

Бұдан бөлек коғамдық көлік жүргізушілеріне автобусты басқарып қана қоймай, жолақысын төлеуді қамтамасыз ету, көлік ішіндегі тәртіпті сақтау сияқты міндеттер жүктелген.

– Қоғамдық көлікті басқаратын адамға қарсы жасалған қылмыстарды қоғамдық қауіптілік деңгейі бойынша терроризм актісімен теңестіруге болады, - деді ҚХП атынан депутат. – Сөз жоқ, азаматтарды қоғамдық көлікте тасымалдау тәртібінде қауіпсіздік мүлде сақталмайды.

Мәжіліс депутаты тасымалдаушылар тұрақты бақылаушыларды қандай негізге сүйеніп алып тастады және оларды кері қайтаруға болады ма деген мәселеге қызығушылық танытты. Сонымен қатар автобус жүргізушілерін жолаушылардан толық оқшаулау үшін қандай шаралар атқарылатынын сұрады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy