ҚХП - Нәсіп Шалабаева үшін!

dep.jpg Қазақстан халық партиясы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау науқаны аясында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Күні кеше, партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Осакаров ауданына барып, халықпен жолықты. Айта кету керек, ҚХП-нан Осакаров ауданы әкіміне кандидат Нәсіп Шалабаева.

Сайлаушылармен кездесуде Ермұхамет Ертісбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан сөзіне тоқтала келіп, мұндай сайлау еліміздің тарихында алғаш рет өткізіліп отырғанын және республика үшін аса маңызды екенін атап өтті.

  • Бұл Мемлекет басшысы көздеген Жаңа, Әділ Қазақстандағы саяси жаңғырудың өзегі, - деп атап өтті ҚХП төрағасы, - аймақты кім басқаратынын ел азаматтарының өздері анықтайды.
    • Барлық аудандарда, Халық партиясы арқылы жұрт өзінің халықтық билігін қалпына келтірген кезде, бізде үлкен өзгерістер болады, - деді ол. – Әр адамның саяси таңдауы болуы тиіс. Ал, олай болмаған жағдайда, біз ескі саясатты жалғастырамыз, бұл ақыр соңында тоқырауға әкелуі мүмкін.

Төрағасы Халық партиясының бастамасымен Қазақстанның жері, жер қойнауы және басқа да табиғи ресурстар халық меншігі екендігі туралы бап Конституцияға қайтарылғанын еске салды.

  • Біз елдің тұрақтылығы мен оның дамуын қолдаймыз, - деп сөзін түйіндеді Ертісбаев.

  • Өз кезегінде әкім сайлауына кандидат Нәсіп Шалабаева сайлаушыларға өзі және атқарған жұмыстары туралы баяндап берді. Ол қазір «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарып отыр.

  • Мен халықпен тығыз жұмыс істеймін, ауданымыздың мәселелерін жақсы білемін және оларды шешу үшін әкім болуға үміткермін, - деп атап өтті кандидат. – Аудан әкімі болып сайлансам, азаматтардың өмірін жақсартуға тырысамын.

Аудандық деңгейде әкімдерді сайлау жөніндегі пилоттық жобаны облыстық маңызы бар 45 аудан және 3 қала (Курчатов, Рудный және Приозерск) мәслихаты бекітті. Сайлау 2023 жылдың 5 қарашасында өтеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy