-Қайдан келесің? -Соттан келемін...

dep.jpg

Мәжіліс бірінші оқылымда сот жүйесін реформалау және процессуалдық нормативтік базаны жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады. Жаңа өзгерістер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

Өзгерістер Қылмыстық іс жүргізу (ҚІЖК), Азаматтық іс жүргізу (АІЖК), Әкімшілік іс жүргізу (ӘІЖК) кодекстеріне және басқа да бірқатар заңдарға енгізіледі. Оларға сәйкес, басқалармен қатар, азаматтық және қылмыстық істер бойынша кассациялық сатыда алдын ала қарауды алып тастау ұсынылады. Сотқа жүгінудің бірыңғай ережелері енгізіледі. ӘІЖК Әкiмшiлiк рәсiмдердiң бiркелкiлiгiн қалыптастыру жөнiндегi жаңа мiндетпен толықтырылады, бұл азаматтарға құқықтық қатынастардың нақты саласында дауларды шешу практикасында бағдарлануға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ әкімшілік істерге талап қоюшының таңдауы бойынша аумақтан тыс соттылықты тарату ұсынылады, бұл соттарға деген сенімді арттырады.

Алайда, мәжілісмендердің пікірінше, бірқатар мәселелер шешімін таппаған күйінде қалып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов іс жүзінде қазақстандық соттарда шағымдану мүмкін еместей тұйықталып қалған жағдайлар жиі кездесетініне назар аударды. Ол сотта азаматтық іс материалдарына қоса тіркелген құжаттардың түпнұсқалары жоғалған жағдайларды мысалға келтірді.

-Осылайша, адамдар судьяның немесе сот кеңсесінің әрекетіне шағымдану мүмкіндігінен айырылған жағдай қалыптасады, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты. - Бұл ӘІЖК-нің 3-бабына сәйкес әкімшілік рәсімдер тәртібі қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасымен және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңнамамен реттелетін қатынастарға қолданылмайды. Демек, азаматтардың құқықтарын бұзғаны үшін судьяны да, сот органын да жауапқа тартуға болмайды.

ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев соттағы мұндай жағдайларды жекелеген оқиғалар деп атады.

-Құжаттардың сақталуы бойынша оларды іс материалдарына тіркегенге дейін - сот әкімшілігі, ал тіркегеннен кейін - сот міндеттеме алады, - деп еске салды Түкиев. - Сот әкімшілігі әкімшілік тәртіппен жауапкер бола алады, оған ӘІЖК баптары қолданылмайды.

Сондай-ақ Аслан Түкиев даулы мәселелерді пысықтауды ұсынды, бірақ мұндай жағдайлардың әрқайсысы жеке қаралуы тиіс екенін атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy