1414 нөмірін пайдалануда: Полиция алаяқтықтың жаңа түрі жөнінде ескертті

dep.jpg

Құқық қорғау органдары қазақстандықтарға алаяқтар құйтырқы әрекеттерін жүзеге асыру үшін электронды үкімет сервистерін пайдалана бастағанын мәлімдеп, ескерту жасады.

«...Соңғы уақытта алаяқтар мемлекеттік органның атынан әрекет етіп, азаматтарға 1414 қызметінен хабарламалар жібереді. Олар жеке мәліметтерді беруді, оперецияларды растауды немесе жоқ айыппұлдар мен қызметтерді төлеуді талап етеді. Сақ болыңыздар! Нағыз мемлекеттік орган сізден ешқашан телефон қоңыраулары, хабарламалар арқылы жеке деректеріңізді немесе құпия сөздеріңізді сұрамайды», - делінген хабарламада.

Азаматтарға күдікті хабарлама алған жағдайда, сілтемелерге өтпеу және жеке деректерді, PIN-кодтарды және SMS-нөмірлерді ешкімге жарияламау қажет екені ескертілді.

«...Интернеттегі қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!», - деп түйіндеді полиция қызметкерлері.

Ал сонда азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қомақты қаржы алып отырған тиісті қызметтер немен айналысып жатыр? Бұған дейін Мәжіліс депутаттары екінші деңгейлі банктердің қауіпсіздік қызметтерін, сондай-ақ ҚР ЦДИАӨМ мен «ҰАТ» АҚ қызметкерлерінің кибералаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеруді ұсынған болатын. Ал Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, мәжілісмен Магеррам Магеррамов азаматтардың несие берумен келіспеушілік презумпциясымен қатар онлайн-несие беруге де тыйым салу қажет екені жөнінде ұыныс білдірді.

«Түбегейлі шараларды қолдану арқылы ғана біз кибералаяқтықтың одан әрі тамыр жаюына тосқауыл қоя аламыз», - деп атап өтті ҚХП фракциясының басшысы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy