Несие құлдығының қамытын кимеу үшін азаматтарға қайтпек керек? Мәжіліске Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Ирина Смирнова осы сұраққа ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлерімен кездесуінде жауап іздеді.
Кездесу мәжілісменнің аймақтарға жұмыс сапары аясында өтті.
Ақпарат және киберқауіпсіздік департаментінің директоры Роман Перминов алаяқтықтың түрлері және оның алдын алу үшін банктер қолданатын шаралар туралы айтты.
Жиынға қатысушылар халықтың қарыздық жүктемесіне қатысты қазіргі жағдайды, пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін және азаматтарды несиелендірудегі ықтимал тәуекелдерді талқылады.
Басқосу барысында Мәжіліс жанынан жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына депутаттар, бірқатар министрліктердің, қаржы институттарының өкілдері мен Агенттіктің өкілдерін енгізу жоспарланды. Жұмыс тобына несиелендірудегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелерімен айналысу жүктелетін болды.
2023 жылғы 1 - сәуірдегі статистика бойынша 7,9 млн. қазақстандықтың несиесі бар. Қарыздың жалпы сомасы 15,5 трлн. теңгені құрайды.
– Еңбек ұжымдарымен, мұғалімдермен, дәрігерлермен кездесу қорытындысы халықтың қарыз ауыртпалығын көтеріп келе жатқанын түсіндік, – деді И.Смирнова. – Қарыздың көптігіне (Соңғы оқиғаларда: Қостанай мен Семейдегі өрт, Арыс оқиғасы және т.б.) қиын жағдайға ұшыраған, кәмелетке толған азаматтардың барлығында бір емес, бірнеше несиенің болғаны дәлел.