Аптап ыстық, су тасқыны, парникті газдар әсерінің күшеюі сияқты мәселелер климаттың өзгеруінің салдарынан пайда болуды. 2016 жылы Қазақстан Париж климаттық келісіміне қол қойды, ал 2060 жылға қарай еліміз әлемнің дамыған державаларымен бірге көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі керек. Демек, Атом электр станциясын салу – жер бетіндегі тіршілікті сақтау шараларының бірі.
Жетісу облыстық АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының өкілі Сәуле Биғарова Талдықорған қалалық №2 емхана ұжымымен кездесіп, Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылады.
– Атом электр станциясының құрылысы – энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға жасалған қадам ғана емес, экономикаға жаңа серпін беретін стратегиялық жоба. Бұл мыңдаған жұмыс орынын ашып, инфрақұрылымды дамытып және Қазақстанды алдағы онжылдықтарда таза әрі тиімді энергиямен қамтамасыз ете алатын озық технология», - деді Сәуле Тасқымбайқызы өз сөзінде.
Атом электр станциясы еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық стратегиясының маңызды элементі саналады, электр энергиясымен тұрақты түрде қамтамасыз етеді. Ал бұл жаһандық энергетикалық дағдарыстар жағдайында тиімді жоба болмақ. Атом энергетикасы әлемдегі ең экологиялық таза әрі тиімді энергия көздерінің бірі ретінде танылған және оны дамыту экономикалық өсуге де, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді.
Жиында еліміз үшін маңызды оқиғалардың бірі – 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдум туралы да айтылды. Бұл науқанға әрбір азаматтың қатысып, дауыс беруі Қазақстанның болашағы үшін маңызды.