АЭС – елдің тұрақты дамуының кепілі

Қазақстан халықтық партиясы Жетісу өңірлік филиалының мүшелері АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының жұмысы аясында түрлі форматта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда: жедел кездесулер, «Есіктен есікке» акциясы, дөңгелек үстелдер және тағы да басқа шаралар. Олардың негізгі мақсат-міндеті – сайлаушылармен бірге болашақ ядролық жобаның барлық аспектісін талқылау және әлеуметтік желілерде белсенді түрде тарап жатқан радиофобиялық мифтерді жою.

ҚХП жергілікті филиалының басшысы Олжас Ибраимов штабтың өзге мүшелерімен бірге «TK ИНТЕГРАЛ» ЖШС және «Қазпошта» АҚ еңбек ұжымдарымен экспромттық кездесулер өткізді. Мұнда референдумға әрбір азаматтың қатысуы маңызды екені аталып өтті.

1

2

– Еліміздің дамуы үшін қажетті таңдауды бірге жасаймыз! – деді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, ҚХП белсендісі Сәуле Биғарова партия мүшелерімен және штаб өкілдерімен бірге қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Нақтырақ айтқанда, №5 орта мектеп мұғалімдерімен, «Инфраэнерго» ЖШС қызметкерлерімен, Талдықорған қызмет көрсету және технология колледжінің қызметкерлерімен және аймақтық бизнес өкілдерімен жүздесті.

3

– Ядролық технологияларды енгізу – болашаққа жасалған нақты қадам. Бұл атмосфераға зиянды заттардың таралуын азайтуға және еліміздің қазба шикізатына тәуелділігін азайтуға көмектеседі, – деп түсіндірді спикерлер.

4

Іс-шаралар барысында атом энергиясын табысты қолданып отырған шет елдер мысалға келтіріліп, АЭС құрылысы негізінде мүмкін болатын экономикалық және экологиялық пайда түсіндіріліп, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі, энергия тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі мәселелері талқыланды. Түсіндіру жұмыстары кезінде отандық жобаның да, жалпы заманауи атом электр станцияларының да қауіпсіздігі тақырыбы жиі қозғалды.

– Үшінші буын реакторлары көп деңгейлі қорғанысқа ие. Олар экологиялық тұрғыда таза әрі қауіпсіз болып келеді, – деп нақтылады штаб өкілдері.

АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтеді. Бюллетеньде бір сұрақ болады: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?». Ал дауыс берушінің таңдауына екі жауап нұсқасы ұсынылады: «иә, келісемін» және «жоқ, келіспеймін».


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy