Республикалық және Ақмола облыстық Халықтық штабтың өкілдері Щучье қаласына барып, Қазақстанда АЭС салу бойынша үгіт-насихат жұмыстары аясында орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің оқытушылар құрамымен кездесті.
«Қазақстан үшін атом электр стансасы таза энергияның жаңа көзі ғана емес, сонымен қатар қазба байлықтарына тәуелділікті азайту мүмкіндігі», - деп атап өтті спикерлер.
Кездесу барысында мұғалімдер АЭС құрылысы, оның ішінде экологиялық аспектілері мен қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарын қойды. Халықтық штаб өкілдері көптеген миф пен түсініспеушілікті сейілтіп, егжей-тегжейлі жауап берді.
АЭС құрылысын талқылауға арналған тағы бір шара «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтіп, ұжыммен ақпараттық сұхбат жүргізілді.
- Дұрыс күтім және энергоблоктардың жұмыс істеу мерзімін ұзарта отырып, олардың жалпы пайдалану мерзімі 100 жылға дейін жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ең көне реактор Швейцарияда орналасқан, ол 50 жыл бұрын салынған. Ал негізінен, әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың көбіне 30 жыл толған. Осылайша толықтырылмайтын табиғи ресурстарды барынша үнемдеуге болады, - дейді халықтық штаб үгітшілері.
Қорытындылай келе, тыңдаушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, 6 қазанда өтетін АЭС құрылыс бойынша жалпыхалықтық референдумға шақырылды.