Аграршыларға ең нақты көмек - нарықты қорғау !

Өңірлерге жұмыс сапары аясында Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін «Қызылжар Сүт» ЖШС тауарлы-сүт фермасында болды. Ферма Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы, Чапаев ауылында орналасқан.

Кәсіпорын бірнеше жыл бұрын құрылған. Қазіргі күнде тауарлы-сүт фермасында 1000-нан астам мал басы бар, оның 600-ден астамы - сауын сиырлар, соның ішінде Германия мен Австриядан асыл тұқымды сиырлар. Мал сауу жүйесі де, мал ұстауға арналған үй-жайларды жинау жүйесі де толығымен автоматтандырылған.

1

Ферма жемшөп тұрғысынан да өзін-өзі қамтамасыз етеді, оның жемшөп дақылдарын өсіруге арналған өз жерлері бар. Өз ветеринариялық бақылау қызметі де жолға қойылған, арнайы ветеринариялық қызмет жануарлардың жағдайын қадағалайды, қажет болған жағдайда вакциналау мен емдеу жүргізеді. Өндірілген сүт өнімдері Солтүстік Қазақстан өңіріндегі екі сүт өңдеу зауытына жіберіледі. Зауыттарға ай сайын 17 тоннадан астам сүт жіберіледі.

2

Алайда, Мәжіліс депутаты, Мәжілістің Аграрлық комитетінің өкілі Ислам Сұңқар атап өткендей, мұндай өзін-өзі қамтамасыз ететін кәсіпорынның өзі де мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Атап айтқанда - ішкі агроөнеркәсіптік нарықты дамыту және қорғау.

– Тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекет шешуі тиіс негізгі мәселе - сүт өнімдерін сату жағдайы, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты сапар қорытындысы бойынша. - Сондай-ақ Қазақстанға өз тауарларын жеткізетін импорттық кәсіпорындар тарапынан болатын баға демпингіне қарсы күрес те маңызды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy