АИТВ-инфекциясымен өмір сүруге бола ма?

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні.

Бұл жерде ақпараттық күрес те бар. Біздің сұхбаттасушы – Людмила Полякова, «Равный-Равному +» ҚБ атқарушы директоры және Қазақстандағы Teenergizer халықаралық жастар қозғалысының үйлестірушісі. Оның ұйымдарының қызметі АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдауға және сүйемелдеуге, сондай-ақ жастар арасында аурудың алдын алуға бағытталған.

– Басқаша айтқанда, – дейді Людмила Полякова, – біз қоғамды АИТВ ауруынан қорғайтын және инфекция жұқтырғандарды қолдайтын іс-шара атқарамыз.

«Өлімнен ұят күшті»

Полякованың пікірінше, Қазақстанда АИТВ мәселесі тиісті деңгейде жарияланбайды.

– Бұл жаңдай осы ауруға және ауруды тасымалдаушыларға қырын қараудың салдарынан туындайды, – деп түсіндірді Людмила. – Бұл жерде ұят деген ұғымның да ықпалы бар. Есіңізде ме, бұрын «ЖИТС – 20 ғасырдың обасы» деген ұран болатын?! Бұл ауру негізінен маргиналды қауымдастықтар мен жыныстық азшылық арасында таралды. Өкінішке қарай, қазіргі Қазақстанда «Ұят» мәдениетінің әлеуеті зор.

Бұл ауру шекті шеңберден әлдеқашан шықты. Егер АИТВ дертімен өмір сүретін адамның әлеуметтік портретін жасайтын болсақ, олардың арасынан білімді, кәсіби маман, қаржылық жағдайы жақсы азаматтар да табылады. Бүгінгі таңда емдеу әдісі өзгерді – қазір иммун тапшылығы өлім үкімі болып саналмайды.

– Қазір вирусты анықталмайтын деңгейге дейін басатын антиретровирустық терапия бар, – деп атап өтті Людмила. – Вирус АИТВ тасымалдаушысына да, оның жыныстық серіктесіне де қауіп төндірмейді. Емдеу адамға толыққанды және қартайғанға дейін өмір сүруге мүмкіндік береді. Бірақ бұл туралы көп адам біле бермейді. «Ұят» өзекті ақпарат алуға кедергі келтіреді және АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған әрекетті тығырыққа тірейді.

Тақырыптың ашық талқыланбауы салдарынан АИТВ дертімен бетпе-бет келген адамдар емделмейді, бұл иммунитеттің бұзылуына, вирустың басқа адамдарға жұғуына және басқа да қайғылы жағдайға ұрындырады. Қазақ ұлттық дерматология және жұқпалы аурулар орталығының дерегінше, 30 336 жағдай анықталған. Оның ішінде 27 047 науқас медициналық есепте тұрса, 24 639 науқас терапия қабылдауда. Бұл қайғылы математика. – Осылайша, 30 мың науқастың арасындағы адамдардың «ұятының» оянуына байланысты 24 мың науқас қана емделіп жатыр, – деді сұхбат беруші. – Ауру анықталғаннан кейін 3 мың адам үшті-күйлі «жоғалып кетті». Тағы 3 мың адам тиісті емін алмай жүр.

Бұл вирустың өршуіне мүмкіндік береді, яғни науқастың ағзасын зақымдайды.

АИТВ – аңыз бен ақиқат

«Ұят» инфекцияның таралуына ықпал етеді. АИТВ дерті қан, жыныстық қатынас және перинаталдық, анадан балаға, соның ішінде емшек сүтімен тамақтандыру арқылы ғана жұғатынын көпшілік біле бермейді. Статистика көрсеткендей, біздің елде соңғы нұсқа сирек кездеседі. Ал инфекцияның жыныстық жолмен жұғуы 78%-ды құрайды.

– Бұл халықтың басым бөлігі АИТВ дертімен ауыратын адамның жанында болудан қорқады дегенді білдіреді, – деп түсіндірді Полякова. – Бірақ қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсе отырып, басқа сәтте емес, дәл сол сәтте қорқу керек екенін ескермейді. АИТВ күнделікті өмірде ауа, қол алысу, сүйісу, бір бассейнде шомылу және басқа да тұрмыстық жағдайлар арқылы жұқпайды. Алайда ең бастысы және ең қиыны АИТВ-инфекциясын тасымалдаушының қоғамнан оқшаулануында болып тұр.

– Мұндай науқасқа диагноз қою үшін медициналық көмек қана емес, психологиялық көмек те қажет, – деді Людмила. – Бұл жақын адамынан айырылғандай жағдай. Бес кезеңнен өту керек: шок, ашу, сауда, депрессия және қабылдау. Маман өмірдің осы кезеңінен өтуге, диагнозға бейімделуге және қоғаммен әлеуметтенуге көмектеседі. Өзін қабылдаған адамды қоғам да қабылдайды.

Кез-келген ауыр ауру сияқты, АИТВ-ЖИТС аңыз бен ақиқатқа толы. Оның ең негізгісі – АИТВ-инфекциясы өлімге әкеледі.

– Бүгінгі таңда антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ ұзақ уақыт бойы бақыланатын созылмалы ауру санатына өтті, – деді Полякова. – Ауруды тек күнделікті арнайы терапия арқылы бақылауға болатынын есте ұстаған жөн. Онсыз, оңалу нүктесіне кері қайта алмай қалуыңыз мүмкін.

АИТВ дертімен ауыратын адамдардың балаларының денсаулығы дұрыс болмайды деген тағы бір аңыз бар.

– Дұрыс болуы мүмкін! – деп қарсылық білдірді Людмила. – Антиретровирустық терапияның арқасында инфекцияның перинаталдық жолы барынша азайтылды және АИТВ дертімен ауыратын әйелдердің 99%-ы АИТВ диагнозы жоқ бала туады. Ең бастысы – дәрі-дәрмекті уақытында қабылдау керек. Айтпақшы қазір жүктілік және босану бойынша есепке тұрған әрбір әйелдің серіктесі де АИТВ-ға тестілеуден өтуде. Бұл шара жүкті әйелдің инфекциясын болдырмайды және балаларда АИТВ-ны ретроспективада анықтайды. Тағы бір аңыз АИТВ-ны тек маргиналдар ғана тасымалдайды дегенге саяды. – АИТВ халықтың осал топтары мен маргиналды қауымдастықтың шеңберінен шығып кетті, – деп қорытты ойын сұхбаттасушы. – АИТВ-ға тест тапсырыңыз, АИТВ-мәртебеңізді біліңіз және нәтиже қандай болса да денсаулығыңызды сақтаңыз.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy