Апатпен бетпе-бет келген бірлік

dep.jpg

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөз сөйледі. Өңірлердегі қауіпті су тасқыны жағдайын ескере отырып, іс-шара онлайн форматта өткізілді.

Су тасқыны тақырыбы іс жүзінде Мемлекет басшысының бүкіл сөзінің өзегіне айналды. Тоқаев айтып келмейтін дүлей апатты теңдессіз деп атады.

– Біз үшін ең басты міндет - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деп атап өтті ол. - Президент ретінде менің алдымда тұрған басым міндет табиғи апаттан зақымданған үйлерді қалпына келтіру және зардап шеккен азаматтарды қалыпты өмірге қайтару болып табылады.

Қалыптасқан жағдайларға байланысты Қазақстанда халықаралық деңгейдегі кейбір іс-шаралар тоқтатылады. Алайда ҚХА-ның бүгінгі сессиясын тоқтату туралы ешкім де пәрмен бере алған жоқ.

– Бұл кездесу дәл қазір бізге қажет, - деп атап өтті Тоқаев, - өйткені мән-жайлар біздің басты құндылықтарымыз - бірлік пен ынтымақтастықтың мызғымас өзектілігін растайды.

Президент дәл осы қиын күндері еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі айқын көрініс тапқанын мәлімдеді. Құтқарушылар, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық белсенділер, бизнес пен жастар өкілдері - ешкім де жалпы істен тыс қалған жоқ.

– Мен апатпен күреске өз үлесін қосып, нағыз патриоттық сезімін көрсеткен азаматтарға шексіз ризамын, - деді Мемлекет басшысы. – Сын сағатта бүкіл қоғамымыз бірлік пен бүртұтастықтың үлгісін көрсете білді.

Бұл алғыс сөздер қандай да болмасын апатқа қарсы іс-қимылға қатысқан барлық қазақстандықтарға жолданған болатын. Оның ішінде Қазақстан Халық партиясының өкілдері де бар.

Қазір ҚХП-ның мыңнан астам мүшесі су тасқынымен күресуде. Партиялық еріктілер гуманитарлық көмекті жинап, таратуда, құтқарушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырып, бөгеттер салу жүмысына да белсене қатысуда. Сонымен қатар, су арналарын бұру жұмыстарын да атқарып, тұрғындарды эвакуациялауға шараларына көмектесуде. (Мысалы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданында партияның қатысуымен 60 адам эвакуацияланды.) Бұл жұмыстарға тек жергілікті ғана емес, сонымен қатар ҚХП барлық республикалық филиалдарының өкілдері де бел шеше кіріскен.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy