Арнаулы салық режимі қандай болуы керек?

dep.jpg Қазақстандық кәсіпкерлер арнайы салық режимін қолданудың шектеулеріне және салық органдарының оңтайландырылған декларациялау режимін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен ауыстыруға мүмкіндік беретін, Салық кодексінің нормаларын түсіндірудегі таңғажайып «икемділігіне» шағымданады. Бұл мәселені Парламентте Қазақстан Халық партиясының фракциясы көтерді.

ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кәсіпкерлердің арнайы салық режимін дұрыс қолданбауына байланысты үш жылдық мерзім аяқталуға жақын қалғанда салық органдары тексерулермен келіп, үш жыл ішінде қосымша есептеулерді біржолғы есептеумен жүргізетінін айтты.

– Біз қазір шағын бизнес субъектісі жіберетін қателіктер туралы айтып отырған жоқпыз, - деді мәжілісмен. - Біз салық органдарына қатысты осындай шағымдар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, жаппай сипатқа ие болып отырғандығы туралы айтып отырмыз.

Мұнда негізінен Салық кодексінің 683-бабы туралы сөз қозғалып отыр. (Арнаулы салық режімін қолдану). Онда барлық келісілген критерийлер көрсетілген.

– Арнаулы салық режимін қолданудағы қызмет түрлеріне кез келген шектеулерді алып тастау және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық кезеңі үшін ең жоғары кірісті ғана қалдыру ұсынылады, – деді Магеррамов.

Ол сондай-ақ осы баптың 4-тармағынан құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаларға, бөлімшелердің өздеріне және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелері мен әртүрлі елді мекендерде салық салу объектілері бар салық төлеушілерге, арнаулы салық режимін пайдалануға шектеуді алып тастауды ұсынды.

– Осы шектеулерді болдырмау үшін кәсіпкерлік қызметке тиімділіктің төмендігі мен зиянын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін негіз деп санаймыз – деді ҚХП депутаты. Бұл қызмет түрін көрсету кезінде кәсіпкерлерде үлкен шығындар болмайды, сәйкесінше ЖТС/КТС төлеу толық көлемде жүзеге асырылады. Осыған байланысты бұл норма шағын кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына кедергі келтіреді.

– Бюрократиялық рәсімдер де қажетсіз проблемалар мен қиындықтар туғызады және ШОБ дамуын да тежейді.

– Оңайландырылған режимді қолдану бухгалтерлік есепті жүргізуге, қосымша есеп беруге жұмсалатын шығындарды азайтуға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салықтың көлеңкесіне түспей, жалпы айналымның 3 пайызын төлеуге мүмкіндік береді, -деп сөзін түйіндеді Магеррамов. - Салық органдарына түсетін жүктеме де азаяды, өйткені олар қазіргідей кәсіпкерлерді әкімшілендіру және мониторингілеу жұмысымен айналыспайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy