Ауыл шарушылығы саласындағы субсидия жүйесінде қателік көп

dep.jpg

Жоғарғы аудиторлық палатаның (ЖАП) «Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігі туралы» баяндамасына қатысты Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова пікір білдірді.

Мәжілісмендердің пікірінше, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар әлеуметтік жеңілдікке айналып кеткен, ЖАП басшысы бұл сынмен келісетінін жеткізді.

Депутаттар алдында сөз алған ЖАП төрағасы Әлихан Смайылов соңғы бес жылда агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға бюджеттен 2 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінгенін атап өтті.

«Алайда бірқатар жүйелік проблемалар олардың шектеулі болуына әкеп соқтырды», – деді Смайылов.

ЖАП басшысы негізгі кемшіліктер ретінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалық құжаттардың орындалмауын, субсидиялау схемаларының үнемі өзгеріп отыруын және оларда нақты басымдықтардың жоқтығын, шаруалардың өзара міндеттемелерінің жоқтығын, бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін жалған бағалау, «Gosagro.kz» ақпараттық жүйесіндегі кемшіліктер және т.б. атады.

«ЖАП басшысы тәртіп бұзушыларға қатысты ашуын білдірді. Ал субсидиялар дұрыс бөлінбеген, оны беру шарттары 70 рет өзгертілген екен. Ал бұл субсидияға алынған сиырлар шын мәнінде әлдеқайда аз болып шықты – жүздеген мың басқа. Ал статистика мүлде шындыққа жанаспайды. Жалпы, шаруалар бұл субсидияларды мемлекет төлеуге міндетті жеңілдік ретінде қабылдайды!», - деп ашынды Смирнова.

Депутат агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау шаруалардың жеке қаражатын үнемдеу үшін емес, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталу керектігін баса айтты. Сондықтан ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне өндірісті дамытуға ынталандыру үшін оларға төмен пайыздық мөлшерлемемен мамандандырылған несиелер беру дұрысырақ болар еді.

«Ал екіншіден, соңғы 5 жылдың қорытындысы шығарылды. Осы соңғы 5 жылдың төрт жылында ЖАП төрағасы өзі премьер-министр және вице-премьер болды. Яғни, қазір ол өз қатесіне ашу білдірген сияқты, бірақ оны мойындамады», - деді депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy