Ауылдағы амбулатория - сапалы медициналық көмектің шынайы көрінісі

Өңірлерге жұмыс сапары аясында Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Прибрежное ауылының дәрігерлік амбулаториясында болып, аудан әкімі Жанат Сәдуақасовпен кездесті.

Қызылжар ауданында 40 мыңнан астам адам тұрады. Соңғы кездері мұнда фельдшерлік-акушерлік пункттер көптеп салынып жатыр. Соңғы 30 жылда болған көптеген оңтайландырулардың нәтижесінде мұнда медициналық инфрақұрылым құлдырап, көптеген ФАП ғимараттары қирап қалған еді. Енді жағдай жақсы жаққа қарай өзгеруде.

Прибрежное ауылындағы дәрігерлік амбулатория осы сөзіміздің дәлеліндей. Мекеменің ыңғайлы, жайлы және сыйымды ғимараты барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Мұнда акушер-гинеколог, терапевт, стоматолог кабинеттері, сондай-ақ сапалы жабдықталған зертхана орналасқан. Бұдан басқа, дәрігерлік кеңес беру және пациенттерді қабылдау үшін нағыз кәсіби мамандардың келуі көзделген.

1

– Енді ауыл тұрғындарына дәрігерге қаралып, кеңес алу немесе профилактикалық тексеруден өту үшін қалаға барудың қажеті болмайды, - деп түйіндеді ҚХП депутаты Ирина Смирнова. – Енді олар ұзақ ешқайда шықпай-ақ өз ауылында сапалы медициналық көмек алады.

Осындай жағдай туғаны үшін жергілікті тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Сонымен қатар, аудан әкімі Жанат Сәдуақасов хабарлағандай, жақын арада тағы бір амбулатория ашылады. Тағы осындай 8 мекеме салынып жатыр.

– Облыс әкімдігі барлық ірі ауылдарды дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр, - деді мәжілісмендер. - Бұл елдің қаражаты бүрынғыдай оффшорға шығарылмай, халықтың мұқтаждығына бағытталып отырған қазіргі Әділетті Қазақстан жағдайында ғана мүмкін болып отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy