Қазақ соқырлар қоғамына тиесілі кітапханалар жоқтың қасы

dep.jpg Зағип жандарға арналған кітапханалар ашуға тиісті ғимарат бұйырмай жүр! Бұл жайында ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан «Сұрауы бар» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты. 6 ай бұрын халық қалаулысы көзі көрмейтіндерге кітапханаға ғимарат бөлуді сұрап, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдаған болатын. Себебі Қазақ соқырлар қоғамына тиесілі кітапханалар жоқтың қасы.

Дегенімен, қазір сең орнынан қозғалды. Тапсырма Астана қаласының мәслихатына берілді. Енді ақпарат бар, қажетті ғимарат қарастырылмақ. Кезіндегі көзінің мүкісі бар адамдарға арналған барлық ғимараттарды Қазақ соқырлар қоғамының кейбір басшылары өз пайдасына шешіп, жекенің атына аударып, кейбір жерлерді сатып жіберген. Осылайша әртүрлі заңсыз әрекеттер болды.

  • Заңсыз әрекеттің бірі біздің кітапхана. Құжаттары бар. Бірақ 90-шы жылдары қолы таза емес адамдардың деп айтамын, республика бойынша бірнеше кітапхана, Қазақ соқырлары қоғамының атына өтіп кетті. Жарайды, өтсін. Бірақ қазақ соқырлар қоғамының басшылығы жағдай жасаудың орнына аренданың ақшасын көбейтіп отыр, - дейді мәжілісмен.
  • Спикер «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігінің әділетсіздігі жайында да ашып айтты. Кенжеғұл Сейтжан мәлімдегендей «Қазақ соқырлар қоғамы» өз деңгейінде тиісті жұмыстарды атқарса, Үкімет тарапынан көмек болар еді. Алайда, дәл қазір бұл жұмыстар жүйелі болмай тұр.

Бұдан бөлек көз жанарынан айырылған, мүгедекттігі бар азаматтарға арналған қызметтер мен техникалық құралдар бағасына да алып сатарлар араласып отыр.

  • Үкімет біледі әр заттық бағасы мен кепілдендірілген төлемақысын. Мысалы, ноутбуктің бағасы 900 мың теңге дейік. Бірақ ол 1,5 млн теңге болса, 900 мың теңгені үкімет төлейді, қалғанын өзің қосасың. Бірақ олар қалай істейді. 60-70 мыңға Қытай тауарын әкеледі, ішіне бағдарламасын салады. Осылайша есептеп 900 мың теңге деп көрсетеді. Ал қалған ақша делдалдың қалтасына кетіп жатыр. Арасында «прокладка» компаниялар бар, -деп атап өтті Сейтжан.
  • Қазір бірінші топтағы мүгедектігі бар жандардың алатын мемлекеттік жәрдемақы көлемі 89 мың теңге шамасында. Оның көлемі 23 процент болып таяуда ғана өсті. Бір мүгедек адамға осы ақша қажетіне жете ме? Кенжеғұл Сейтжанның айтуынша, әрине жетпейді. Кем дегенге 180 мың болуы керек.

Сұхбаттық толық нұсқасы «Сұрауы бар» ютуб арнасында.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy