Қазақстанға баға белгілеудің жаңа саясаты қажет

dep.jpg Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары баға белгілеу мәселесін көтерді. Нарықтық экономика еркін нарық заңы бойынша өмір сүріп жатыр ма? Баға белгілеу жүзеге қалай асырылады? Бағаның қалыптасуына не әсер етеді?

Фракция басшысы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов атап өткендей, жыл сайын қымбатшылық қарқын алады, соңғы онжылдықта бұл құбылыс тұрақты қайталанады. Өкінішке қарай, адамдардың өмір сүру деңгейі мен нақты табысы төмендеп барады. Ал мемлекет шарасыздық танытып отыр.

Бәсекелестік кәсіпорындарды тұтынушыға үнемі жақсы баға ұсынуға және нарықтағы үлесін қайтарып алуға итермелейтін фактор болып табылады.

– Неге екені белгісіз бізде бұл жұмыс істемейді, – деді мәжілісмен. – Кейбір нарық субъектілерінің монополиялық жағдайы оларға бәсекелестік туралы ойламауға мүмкіндік береді немесе олар тұтынушы үшін күресуге ниет танытпайды.

ҚХП депутаттары мМемлекет тиімді салық саясаты арқылы халықтың табысын қайта бөлу, өмір сүру деңгейі мен сатып алу қабілетін арттыру міндетін атқара алмай отыр деп санайды.

– ЕТЖ өсу қарқыны экономика мен бағаның өсу қарқынан едәуір артта қалып келеді, – деді М.Магеррамов. – Бюджет жобасына сәйкес, біз келесі жылы ЕТЖ өспейтінін, АЕК - пен баға шарықтайтынын біліп отырмыз.

ҚХП Үкімет қолданысқа ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу үшін пайдаланылатын тұтыну себетінің құрамына кіретін тауарлар мен қызметтерге қатысты баға мен тарифті қатаң реттеу тәртібін енгізуі тиіс деп санайды. Бұл аз қамтылған халықтың, жалақысы мен табысы ЕТЖ-ға тәуелді адамдардың сатып алу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанға осы салада нақты мемлекеттік саясат қажет.

Жағдайды жақсарту үшін қайтпек керек? ҚХП бірінші қажеттіліктегі тауарларға және тұтыну себетінің құрамына кіретін тауарларға баға белгілеу кезінде таза пайда табу үшін 25% шегінде дәлізді және шекті мән белгілеуді ұсынды. Бұған қоса делдалдарды баға белгілеуден шығару жолымен бағаны ашық реттеу және шығындарды азайту мәселесін шешу қажеттігін алға тартты.

– Тұтыну себетінің құрамына кіретін бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен тауарлардың бағаларына мемлекеттік реттеуді енгізу үшін экономикалық негіздемені қарастыру және дайындау керек. Бағаның төмендеуін реттейтін тиісті нормативтік базаны қамтамасыз етілуі тиіс. Алыпсатарлыққа және тауар тапшылығының туындау ықтималдығына қатысты тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ баға белгілеу процесін реттеу кезіндегі жағымсыз салдарға қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу қажет. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық жүктемесін азайту және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету бойынша шара қабылдануы тиіс, – деп қорытты депутаттық сауалын М.Магеррамов.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy