Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық бүркемеленеді

Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған тікелей эфир әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою мәселелеріне арналды

25 қараша – әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Статистика жан ауыртады. Әлем бойынша әрбір үшінші әйел күн сайын зорлық көреді. Мұндай қайғылы оқиғалардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық жағдайда орын алады.

– Біздің ашық әңгімеміздің мақсаты мәселеге назар аудару ғана емес, – деп атап өтті іс-шараның модераторы, ҚХП Ақмола облыстық филиалының төрағасы Лариса Луговская, – Жағдайдан шығу жолдарын ұсыну. «Қорғау Астана» жеке қорының басшысы Анна Рыльдың айтуынша, соңғы уақытта абьюз бен әйелдер буллингі әлеуметтік желілерде айтарлықтай күшейе түсті.

– Бұл жерде манипуляция мәселесі туындап отыр, – деп түсіндірді Анна Рыль. – Әйелдермен әлеуметтік желілер арқылы танысатын және олардың жеке ақпаратына қол жеткізетін интернет-алаяқтар көп. Қордың есебінде заңгерлерінің бопсалауға қатысты қылмыстық істерде әйелдерге қолдау көрсеткен бірнеше жағдай тіркелген. Бопсалаушылар зардап шегушілердің интимдік фотосуреттерін қолға түсіргеннен кейін оны интернет арқылы таратамын деп қорқытып, ақша талап етеді. Бұл саладағы тағы бір бағыт – кәмелетке толмаған қыздарды веб-модель ретінде жұмыс істеуге тарту. Оларды да бұл жұмысқа бопсалау арқылы мәжбүрлейді. Биыл Шымкентте полиция осындай бірнеше студияның қызметін тоқтатты. – Интернетті қолданғанда мұқият болу керек, – деп атап өтті Анна Рыль. – Әсіресе балалар ойын арқылы өздеріне қауіпті төндіретін іске тартылуы мүмкін.

Әлі күнге дейін Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып тұр. Заңнаманың жетілдірілмеуі, интрузивті патриархалдық стереотиптер және жалпы қоғамның агрессивтілігі тіпті үйде, туыстары мен жақындарының ортасындағы әйелдердің осал, қорғансыз және құқықсыз болуына әкеледі. Біздің тәрбиеміз бен менталитетіміз зардап шеккендерге мұндай фактілерді жариялауға шектеу қояды. – Жалпы алғанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық тарихы ресми статистикада көрсетілген дерекпен сәйкес келе бермейді, – деп атап өтті пікірталасқа қатысушылар.

Ақмола облысы ПД КҚПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Марина Белик зардап шеккендердің құқық қорғау органдарына жүгіну рәсімі, сондай-ақ абьюзерлерге әкімшілік және қылмыстық ықпал ету шаралары туралы баяндады. Тікелей эфир қорытындысында көрермендерге қазақстандық заңнаманы білу бойынша шағын сауалнама ұйымдастырылды. Ең белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy