Қазақстанның АӨК: диқаншылықта жағдай күрделі ме?

dep.jpg Мәжілісте «Ауыл шаруашылығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Оған министрліктердің, әкімдіктердің қызметкерлері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен салалық қоғамдық бірлестік өклдері қатысты.

Соңғы уақытта қолайсыз ауа райы - жазғы құрғақшылық пен күзгі толассыз жауын елдің астық секторына кері әсерін тигізді. Алайда, Қазақстан астық өндірушілер одағының төрағасы Нұрлан Оспанов егін жинау науқанын «күрделі, бірақ сынайтындай емес» деді. Ішкі нарық астықпен толық қамтамасыз етілетініне уәде берді. Рас, сыртқы нарыққа еліміз жоғары сапалы бидайдың орнына 3, 4 және 5-ші сұрыптағы астықты ғана ұсынады.

  • Дәнді-дақылдың тұқым қорын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Оның өзінде импорт есебінен, - деп нақты ұсыныс айтты Оспанов.
  • Жаңа маусымға Қазақстан салыстырмалы түрде қолайлы ішкі бағамен тоннасына 125-130 мың теңгемен кірді. Оспанов мұны астық трейдерлері мен ұн тартушылар тарапынан тұрақты төлем қабілетті сұраныс арқылы қолдауға кеңес берді

  • Қолайлы ішкі бағалар ауа-райынан зардап шеккен астық өндірушілерге ішінара қолдау көрсетеді,- деп атап өтті астық одағының басшысы. – Бірақ, толық қолдау көрсету үшін олардың кредиторлары - қаржы ұйымдары да, ресурстарды жеткізушілер де алдындағы міндеттемелерге қатысты мәселелерді шешу қажет.
  • Бұл деген - астық өндірушілерге өздеріне тиесілі барлық субсидияларды жедел төлеуді, кредиттер, лизингтік келісімдер бойынша олардың міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзартуды және салық төлемдері бойынша кейінге қалдыруды және т. б. білдіреді. Сондай-ақ, бәсекелестерге қарсы күресте де, көлеңкелі астық нарығында да отандық өндірушіні қорғау керек.

– Заңсыз айналым проблемасын жүйелі түрде шешу үшін астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің мемлекеттік есебін енгізу қажет, - деді Оспанов. - Тиісті заң жобасы Мәжілістік өткен шақырылымнан бері дайындалған.

Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің өкілі, Қазақстан Халық партиясының депутаты Ислам Сұңқар биыл диқандар үшін ауыр жыл болды деп есептейді. Фермерлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге және егіс маусымына дайындалуға жағдай жасау үшін шұғыл, мүмкін бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдау қажет. Бұған жергілікті атқарушы органдар белсенді қатысуы тиіс.

  • Өңірлерден биылғы жағдай бойынша барлық қажетті ақпаратты уақытында ұсыну мәселесі өткір тұр, - деп атап өтті Сұңқар. - Бұл Үкімет пен депутаттар ұсынатын барлық шараларды бірлесіп пысықтау үшін өте қажет.
  • Жалпы, мәжілісмендер диқандардың ұсыныстарын қолдады. Атап айтқанда олар азық-түлік корпорациясының астықты сатып алу бағасы мен көлемін анықтауды, елдің негізгі астық егетін өңірлерінде төтенше жағдай режимін жариялауды, алдағы егіс науқаны үшін тұқым қорын қалыптастыруды, астықты тасымалдау үшін көлікті уақтылы жеткізуді және қазіргі егін жинау науқанында жанар-жағармай мәселесін шешуді ұсынды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy