Баға жетпес енжарлық

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы өмірдің қоғамдық маңызы бар салаларындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағасын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту мәселесін тағы да көтерді.

ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов атап өткендей, партия бұрын да бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін өз ұсыныстарын айтқан болатын.

– Бұрынғы Үкіметтің жауабында нарықтық баға белгілеуге көшу кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыратын және ұсынылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын жақсартатын қажетті шара болып табылатыны көрсетілген болатын, - деп түсіндірді мәжілісмен. - Үкіметтің пікірінше, мемлекеттік бағаны реттеу біздің елге инвесторлар тартуға кедергі келтіреді.

Нақты айтқанда, Кәсіпкерлік Кодексте бағалардың қалыптасуына мемлекеттің ықпал ету тетіктері бар. Алайда, соңғы 9 жылда мемлекет оларды, жұмсақ айтқанда, пассивті пайдаланды. Мысалдар үшін алысқа барудың қажеті жоқ.

Осылайша, 2024 жылы белгіленген ең төменгі жалақы (АЕК) 85 000 теңге. Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы 20 454 теңге, бұл ең төменгі жалақының төрттен бір бөлігіне тең.

– Мұндай көрсеткіштер ақылға сыйымсыз, - деп атап өтті Магеррам Магеррамов. - Жұмыс істейтін ересек адамның асырауында кәмелетке толмаған балалары болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштің ішінде жүріп-тұру, бос уақытты тиімді өткізу, дәрі-дәрмек алу, коммуналдық қызметтер, білім алуға және тұруға арналған шығындар ескерілмеген.

Депутат соңғы тоғыз жыл ішінде баға белгілеу мәселесіне мемлекеттің қатысуы бәсең болғандықтан, біздің еліміз күтілетін инвестициялық тартымдылыққа қол жеткізе алмағанын мысқылмен айтып өтті. Өнеркәсiп пен кәсiпкерлiктi дамытуда да шамамен дәл сол проблема.

– Осы орайда, жаңа Үкіметке «мемлекеттің баға белгілеу саясатына қатысуы мәселесін бизнестің емес, жеке адамдардың мүддесін басты назарға ала отырып қайта қарау орынды емес пе?» деген сұрақ туындайды, - деп түйіндеді ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy