Байзақта халықтың тыныс-тіршілігі қандай

Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық филиалының белсенділері Байзақ ауылында (Байзақ ауданы) көшпелі отырыс өткізіп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы органдардың жетістіктері мен кемшіліктерін тілге тиек етті.

«Байзақ кентінің негізгі көшелеріне асфальт төселгені қуантады. Мектеп пен балабақша қалпына келтірілді және спорт алаңдары пайда болды», – деп атап өтті олар.

Алайда жергілікті тұрғындарды ауылда саябақтың жоқтығы алаңдатады. Көшелердің бір бөлігі, әсіресе жол жиегі жөндеуді қажет етеді. Бұған қоса кентте әскери қоймалардағы оқ-дәрі жарылысының салдары жойылмаған.

ҚХП Жамбыл облыстық филиалының белсенділері шағымдар бойынша хат әзірлеп, оны аудан әкімдігіне жолдамақшы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy