Балалар спорты бұқаралық сипат алуы тиіс!

Қазақстанда жасөспірімдер мен жастарды бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасау қажет. Бұл пікірді Қазақстан Халық партиясының депутаттары да қолдайды.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚХП парламенттік фракциясының өкілдері Есіл ауданының Явленка ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Бұл спорт кешенінің құрылысы үш жыл бойы бітпей, жауапсыз мердігерлерді үш рет ауыстырып, біраз уақытқа құрылысы созылған нысандар қатарына да енген болатын. Алайда, жергілікті биліктің күш-жігерінің арқасында бар жұмыс соңына дейін жеткізіліп, жергілікті жастар спортпен тегін айналысуға мүмкіндік алды. Қазір мұнда күрес, теннис, шахмат, футбол, волейбол, баскетбол секциялары бар.

1

– Барлық аудандар мен ауылдарда осындай спорт кешендері мейлінше көп болуы қажет! - дейді ҚХП депутаты Ислам Сұңқар. - Біздің атақты спортшыларымыздың басым көпшілігі ауылдан шыққан.

2

Партия мүшелері ең шағын және шалғай елді мекендерде де қолайлы өмір сүру жағдайын жасау үшін инфрақұрылымды толыққанды дамыту қажет деп санайды. Ол тек энергиямен жабдықтау, денсаулық сақтау және жолды уақытылы жөндеу ғана емес, бос уақытты да қамтиды. Соның ішінде осындай спорт кешендері де бар.

– Ауыл тұрғындарына барлық материалдық және мәдени игіліктерді толыққанды алуға мүмкіндік жасау қажет, - деп есептейді ҚХП депутаттары. – Ауыл халқының өмірі қала тұрғындарының өмір сүру деңгейінен төмен болмауы тиіс.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy