Басты мақсат – тұтынушы құқығын қорғау

dep.jpg

Еліміздегі «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне жаңа өзгерістер енгізуге қарсылық білдірді. Олар ұсынылған нормативтік-құқықтық актілер кәсіпкерлердің құқығын бұзады деп есептейді.

Мәселе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы – 193-бап, 415-бап және 425-бап туралы болып отыр. Осы баптарға сәйкес, дүкендерде бағаны дұрыс көрсетпегені үшін айыппұл мөлшері 240 мың теңгеден басталады. Тауарды таңбалаусыз сатқаны үшін 332 мың айыппұл көзделген. Ал денсаулыққа зиянын тигізбейтін санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 110 мың теңге айыппұл салынады.

«Дүкен иелеріне бағадағы қателік үшін 700 мың төлегеннен гөрі, тексерушіге 100 мың теңге беру оңай. Бүгінде заңдарға енгізілген түзетулердің 80 пайызы репрессиялық сипатта – айыппұл, айыппұл, айыппұл. Штрафстан құрып жатқан сияқтысыздар!», - «Ақ жол» фракциясының жетекшісі, депутат Азат Перуашев.

Алайда, депутаттық корпустағы әріптестер Перуашевтің бастамасын құптамай, көпшілік дауыспен жаңартылған Кодексті екінші оқылымда қабылдады. Бұл нюанстарды Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов түсіндірді. Ол сондай-ақ заң шығарушылар «Штрафстан құрып жатыр» деген пікірмен келіспейтінін атап өтті.

«Кез келген санкцияның екі функциясы бар. Біріншіден, профилактикалық: қылмыстың өтеуі – жаза. Екіншіден, тәрбиелік: көбіне жазаға тартылған кәсіпкер қателігін қайталағысы келмейді», - деп түсіндірді мәжілісмен.

Бұл ретте Магеррамов кәсіпкердің өз пайдасын көздеп баға белгісі бойынша заң бұзы бір реттік емес, көбінесе саналы түрде жасалатын заңбұзушылық екенін атап өтті. Ал айыппұл, бұл жағдайда өте орынды жаза.

«Егер біз, мысалы, сауда жасау құқығынан айыруды немесе дүкеннің қызметін тоқтатуды ұсынсақ, онда бұл лайықты жаза болмас еді», - деп түсіндірді депутат.

Бұл қылмыста құқық бұзушылық фактісінің өзі жеткілікті, өйткені мұндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшерін анықтау мүмкін емес.

«Егер біз айыппұлдарды азайтатын болсақ, онда біз жосықсыз кәсіпкерлерді құқық бұзушылыққа итермелеп, шағын айыппұлдармен құтылуға мүмкіндік береміз. Бұл жерде біз тұтынушылардың мүддесін көздеуіміз керек. Ал кәсіпкер адал болса, бағаны сол күйінде қояды», - деп түйіндеді ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy