Білім алуға барлық жағдай жасалған!

Әділетті Қазақстанда істелген жұмыстың нәтижесі көрініп тұр! Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Явленка ауылындағы № 3 мектеп өткен жазда «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жөнделіп, қайта жабдықталды. Қатардағы ауыл мектебі айтарлықтай өзгеріп, ендігі жерде барлық білім беру стандарттарына жауап беретін заманауи оқу орнына айналды.

Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары осы мектепке келіп, сайлаушылармен кездесу өткізді. Парламентарийлер керемет жабдықталған мектеп көрінісі көңілге қуаныш ұялатқанын жасырмады.

1

– Барлық кабинеттер сапалы жабдықталған, - деп атап өтті ҚХП депутаты, бұрынғы ұстаз Ирина Смирнова. - Мәжіліс залы да, спорт залы да жайлы әрі заманауи қалыпқа келген. Мемлекет басшысы айтқандай, мұндағы балалар қалалық мектептерден кем түспейтін жағдайда сапалы білім ала алады.

2

Педагогикалық ұжымның ендігі міндеті - балаларға жаңа деңгейде қажетті білім беру.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy