Білім - жастардың пайдасына!

Қазақстан Халық партиясының депутаттары Ирина Смирнова мен Ислам Сұңқар Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара депутаттардың өңірлерге жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды.

Білім беру саласының проблемалары, педагогтар даярлау және балалар мен жасөспірімдерді оқыту - бұл біздің барлық азаматтарымыз үшін өте өзекті тақырыптар. ҚХП-дан сайланған депутаттар осы салада жүргізіліп жатқан заң шығару жұмыстары туралы айтып берді. Атап айтқанда, ендігі жерде студенттер тәжірибеден өткені үшін жалақы алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мәселені ҚХП көтерген болатын.

1

– Қазіргі таңда Мәжілісте білім беру мәселелеріне қатысты бірнеше заң жобасы қаралып жатыр, - деп нақтылады депутат Ислам Сұңқар.

1

Өз тарапынан мұғалімдер колледж студенттерінің практикадан өтуіне қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ, олар магистрлік дәрежесі бар педагогтарға қосымша ақы төлеу мүмкіндігін енгізуді ұсынды. Ислам Сұңқар - Қазақстан Халық партиясының «Жас орта» жастар қанатының жетекшісі. Жастар белсенділері мұнда іс-шаралар өткізіп қана қоймай, студент жастарға қатысты жатақханалардың жағдайы, стипендияларды арттыру мәселелері және т.б. өңірлік проблемаларды да көтереді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy