Өңірлерге жұмыс сапары барысында Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары партияның Ерғали Жұмағұлов төрағалық ететін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының активімен кездесті.
Мәжілісмендер партияластарға фракцияның Парламент Мәжілісінде жүргізіп жатқан заң шығару жұмыстары жайлы: партия бастамашылық еткен заң жобалары, жұмыс топтары аясындағы норма шығару ұсыныстары және депутаттық сауалдар туралы айтып берді.
Өз тарапынан, ҚХП өңірлік өкілдері өңірлердің тыныс-тіршілігін ескере отырып жасалған бірқатар идеялары мен жобаларын, маңызды ұсыныстарын жеткізді.
– Барлық ұсыныстар мұқият қаперге алынады, - деп жауап берді ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. - Астанаға оралғаннан кейін оларды міндетті түрде қарастырамыз.