ҚР Үкіметі Алматыдағы жер сілкінісінің жағдайын кезектен тыс отырыста талқылады. Оңтүстік астанада дүйсенбі күні таңертең 4-5 балдық жер асты тербелісі тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арыновтың мәлімдеуінше, барлық қажетті шаралар тез арада қабылданды. Республикалық және өңірлік жедел штабтар құрылды, 384 азаматтарды қабылдау пункттері ұйымдастырылды, «жедел желі» қосылды және т.б. Халық арасындағы дүрлігу тез арада басылды. ТЖ болған күні қабылдау пункттеріне 3 мыңға жуық адам орналастырылды.
– Әкімдік қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеруді жалғастыруда, - деп хабарлады министр. - Селден қауіпті аумақтарға аэровизуалдық зерттеу жүргізілді.
Баяндаманы тыңдаған Премьер-Министр Олжас Бектенов ТЖМ күштері үнемі әзірлікте болуы тиіс екенін атап өтті.
– ТЖМ елдегі сейсмологиялық жағдайға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі қажет, - деп атап өтті Премьер.
ТЖМ министрі бұл тапсырманы орындай ала ма, жоқ па, оны айту қиын. Жер сілкінісін, тәжірибе көрсетіп отырғандай, болжау мүмкін емес. Оның үстіне қазақстандық сейсмологияның жағдайын ескерсек. Бұл мәселені бұған дейін Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова көтерген болатын.
– 1989 жылы салынған сейсмология институты бүгінге дейін бірде-бір рет жөнделмеген, - деп атап өтті Смирнова. - Жаңа құрылғылар соңғы рет 2012 жылы сатып алынған. Ғалымдар қиын жағдайларда жұмыс істеп, кеңес заманынан қалған жабдықтармен зерттеу жүргізеді.
Қазақстанда барлығы 69 сейсмикалық станция бар, олардың 47-сі Алматыда орналасқан. Бұл өте аз. Институттың ғылыми қызметкерлерінің жалақысы 100-150 мың теңге. Институт негізінен гранттық қаражатқа жұмыс істейді, ал конкурста грантты ұтып алу әрдайым мүмкін бола бермейді.
Алматыда қаңтар айында болған жер сілкінісінен кейін Үкімет сейсмологтарға қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болжанған сома 4-5 миллиард теңге болатынын хабарлады (соңғы шешімді ғылыми-техникалық комиссия шығарады). Ақша Институттың кадрлық әлеуетін жарақтандыруға және күшейтуге бағытталатын болады. «Бірақ жылдар бойы қираған саланы осылай аяқ астынан қаржы құю құтқара ала ма, жоқ па?». Бұл әлі де үлкен мәселе.