Пиротехникалық өнімдер сататын орындар тексерілді

ҚХП Қостанай облыстық филиалының өкілдері Қостанай қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп сапасыз және мерзімі өткен пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында қалалық сауда орындарында рейд жүргізді.

Іс-шара ҚХП-ның партиялық бақылауы аясында өтті. Акцияға қатысушылар дүкен сөрелеріндегі жарылғыш тауарлардың сапасын, ілеспе құжаттардың болуын және т.б. ережелер бойынша тексерулер жүргізді. Қостанайдағы көтерме сауда базарында рейд жасалып, инспекторлар 4 сауда нүктесін аралап, сатушылардың пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясын тексерді.

1

«Біз отандық өндірушілердің пиротехникалық бұйымдары дүкен сөрелерінде сатылып жатқанын анықтадық. Бізд аталған өнімдерді сақтау шарттары бойынша да тексеріс жүргіздік», - деді партиялықтар. Рейд барысында ҚХП өкілдері тұрғындардың петардалар мен отшашуларға көзқарасы туралы қысқаша сауалнама жүргізіп, сатушылар мен сатып алушыларға пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy