Социализмге балама жоқ...

Астанада Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев пен Қытай Коммунистік партиясы орталық комитетінің халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Чэнь Чжоумен кездесті. Шараның мақсаты – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының саяси партиялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында ҚХП төрағасы Қазақстанның Қытай және Ресей сияқты алпауыт елдермен көршілес екенін және геосаяси тұрғыдан мұндай серіктестіктің өте тиімді екенін атап өтті. Бүгінде Қытай бүкіл әлемде өнеркәсіптік зауыт саналады және әлемдік экономикалық рейтингте екінші орында, тіпті, кей көрсеткіштер бойынша бірінші орында тұр.

1

– Бүкіл әлем Қытайдың реформалары мен сіздің ел жүзеге асырып жатқан істерді сүйсіне тамашалап отыр! Сіздер жасаған экономикалық модель басқа мемлекеттер үшін ғажап үлгі, - деп атап өтті Ертісбаев өз сөзінде.

2

Сонымен қатар ҚХП төрағасы, мұндай қарқынды ілгерілеуде Қытай Коммунистік партиясының стратегиялық басшылығы маңызды рөл атқаратынын айтты. ҚХП – социалистік партия және демократияға, әлеуметтік әділеттілікке және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара тиімді тепе-теңдікке бағытталғандықтан ҚКП идеологиясы ҚХП-мен үндес.

3

«Халық партиясы қытайлық сипаттағы социализм жүйесін зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Қазақстанға да өзіндік, қазақстандық ерекшелігі бар социализм қажет, бізде басқа балама жоқ», - деді Ертісбаев.

4

Осы ретте ҚКП ОК халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қазақстандық әріптестерімен ҚКП тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізіді. Ол пікірлес партияның ҚКП қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыс білдіріп, ҚР мен ҚХР арасында қалыптасқан көршілес тату қарым-қатынас осы өңірге және бүкіл әлемге үлгі бола алатынын атап өтті. Ал партияаралық өзара іс-қимыл – бұл ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі.

5

«Өз тарапымыздан біз, саяси партиялар, мемлекетаралық қарым-қатынасымызды дамытуға бұдан да көп үлес қосуымыз керек. Халық партиясы – біздің сенімді досымыз!», - деді Чэнь Чжоу.

5

Кездесуге қатысушылар Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы мәселелерін, «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастамасының келешегін, сондай-ақ халықаралық аренадағы қазіргі саяси ахуалды талқылады. Жиын соңында барлығына естелік сыйлықтар табысталды.

6

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy