Қаралы күн...

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Мирас Әукенов пен Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Әзербайжанның Астанадағы елшілігі ғимаратының алдына гүл шоғын қойды.

Олар Embraer 190AR ұшағының экипажы мен жолаушылардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Әзірбайжан халқына көңіл айтты.

1

Ұшақ апаты 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында болды. Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі Баку-Грозный бағытында ұшқан Embraer 190AR ұшағы әуежайға жетпей апатқа ұшырады. Бортта 5 экипаж мүшесі мен 62 жолаушы болған, оның ішінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан азаматтары бар. Ұшақтың артқы бөлігінде отырған кей жолаушылар аман қалып, Ақтаудағы ауруханаларға жеткізілді.

2


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy