Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары Петропавл қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында болып, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді. Іс-шара Парламент депутаттарының сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге жасаған жұмыс сапары аясында өтті.
Бұл мектепте 1000-ға жуық бала оқиды. Мұнда қонақтар үшін шағын экскурсия ұйымдастырылды. Бұрын педагог және мектеп директоры болған, ҚХП депутаты Ирина Смирнованың айтуынша, мекеменің оқытушылар құрамы өте мықты және нағыз кәсіби мамандар. Ғимаратты безендіру, оқу кабинеттері мен зертханаларды жабдықтау жоғары деңгейде.
Бұдан басқа, мектепте сауықтыру кешені мен бассейн жұмыс істейді. Мұнда барлық оқушылар жүзе алады, су спортымен шұғылданады және сауықтыру сабақтарына қызығушылықпен қатысады.
– Соңғы кездері жан басына шаққандағы қаржыландыру басталған кезде мектептерге ерекше көңіл бөлініп отырғаны қуантады, - деп түйіндеді Мәжіліс депутаты. - Мектептер үлкен қолдауға ие болуда, бұған әкімдік те, ата-аналар да мүдделі. Әркім білім алу қажеттігін терең түсінеді.
Мұндай тәсілдің нәтижесі де айқын. PISA халықаралық зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, дәл осы Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары республикада көшбасшы орынға ие болды. Барлық оқу процесін жоғары деңгейде ұйымдастыра білген өңір үшін бұл заңдылық болып саналады.