ДПО шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты қалай орнатуға болады?

Қазақстан Халық партиясының депутаттары көршілес елдермен халықаралық екіжақты пошта келісімдерін жасауды ұсынады. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ қызметі мен даму жоспары туралы есеп барысында айтылды.

ҚХП депутаты Ирина Смирнова Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы Дүниежүзілік пошта одағының мүше екенін еске салды. Бұл коммерциялық, электрондық, құқықтық және өзара тиімді ынтымақтастықтың басқа түрлеріне үлкен мүмкіндіктер береді.

  • Біз көршілес – Қытай, Қырғызстан және тағы басқа елдердің пошталарымен тікелей байланыса аламыз, – деді мәжілісмен «Қазпошта» АҚ басшылығына қарата. - Айтыңыздаршы, солар арқылы екіжақты келісімдер жасау үшін бізден, яғни депутаттар тарапынан көмектер қажет пе?

  • "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасованың айтуынша, бұл өте маңызды мәселе және ынтымақтастық міндетті түрде қажет-ақ.

  • Әлемнің пошталарының барлығы бірдей тиімді емес, - деп нақтылады Жанасова. – Бүгінде әлемдік тасымалдаудың 50% - ы Қытайдың еншісінде. Міне осылайша әлі бірнеше жыл нарықтан айырыламыз. Егер қандайда бір өзгеше шешімдер қабылдамасақ, пошта болмайды.

  • Қазір «Қазпошта» серіктестерімен тауарды арзан, әрі жылдам жеткізуді ұсынып, нақты тарифтер бойынша келіссөздер жүруде. Төраға тіпті мысал да келтірді. «Амазонда» 20 долларға сатып алынған кітапты қазіргі пошта операторларының қызметтері мен тарифтері бойынша жеткізу құны 70 доллардан кем емес.

  • Жаһандық қызметтер мен нарық Орталық Азия халқына қолжетімді болуы керек деп санаймыз, - деді ол. – Ал жеткізу, ең алдымен әлемнің кез келген нүктесінен 10 доллардан аспауы керек.

  • Қазақстан 1992 жылдан бастап Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО) мүшесі. Қазір ДПО әлемнің 192 елін біріктіріп отыр. «Қазпошта» АҚ Дүниежүзілік пошта одағының құрамында, PostEurop еуропалық пошта операторлары қауымдастығының мүшесі және VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің қатысушысы болып табылады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy