Үкімет сағаиында жаңа бюджеттік кодекс жобасы таныстырылды. Құжат жайлы ұлттық экономика вице министрі Азамат Әмрин баяндады.
Жоба бастамашыларының пікірінше жаңа құжат «негізді әрі икемді». Ол бюджеттік процестерді жеңілдетуге, бюджеттің кірісін есептеуге икемді және мемлекеттік инвестициялық жобалардың проблемаларын шешуге бағытталған. Жаңа Бюджет кодексін іске асыру үшін 205-тен астам заңға тәуелді нормативтік акті қабылданып, 26 заңға түзету енгізу көзделген.
Бірақ мәжіліс депутаттары министрлік жұмысына күмәнмен қарайды. Қазақстан Халық партиясының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Смирнова, Үкіметтің бюджетті атқару көрсеткіштерінің санын қысқарту және қайтарылған активтерді басқару жөніндегі жаңа арнайы мемлекеттік қор құру туралы ұсынысын мақұлдамайды.
– Жақында бізде қаражат қоры болуы мүмкін! - деп атап өтті мәжіліс депутаты. - Соның нәтижесінде мұндай қорлардың қаражаты Парламенттің шығынын есепке алмай-ақ жұмсалуы мүмкін.
Сонымен қатар, депутат бюджеттік реформаны әкімшілік басқару аяқталмай тұрып жүргізуді дұрыс емес және мерзімінен бұрын деп санайды. Құзыретті әкімшілік реформамен бюджет саясатындағы өзгерістер мүлдем қажет болмауы мүмкін.
Әкімшілік реформа ең бастысы болуы керек, - деп түсіндірді Смирнова. - Осы жерде өкілеттік пен жауапкершілікті және т .б анықтау керек, содан кейін барып бюджетті байланыстыруға болады.
Әрине, Үкіметтің көп жылдардан бері халыққа уәде етіп келе жатқан «нәтижеге бағытталған бюджеті» бүгінде жұрттық күмәнін туғызады.
– Бізде қанша бай адамдар бар екенін және олар одан сайын байып бара жатқанын көріп отырмыз, - деді Ирина Смирнова мысқылдап. - Мемлекет басшысы ел байлығының 50% - ы 162 адамға тиесілі деген еді. Бұл жағынан біз басқалардан алда тұрмыз. Ал басқа салада өкінішке қарай әлі күнге нәтиже жоқ.
Бюджет кодексін жұмыс тобында әлі де талқыланады.