Қазақстан жерінің электр және электронды қалдықтар үйіндісіне айналатын қаупі бар(ЭЭҚ). Бұл қалдықтарды кәдеге жарату үшін Қазақстан Халық партиясы өз ұсыныс жеткізді. Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің өкілі, ҚХП депутаты Кенжеғұл Сейтжанның айтуынша, мәселе өте өзекті, оны шұғыл түрде шешу қажет.
– Электрондық қалдықтардың құрамындағы қауіпті компоненттер халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді және қоршаған ортаны ластайды, – деп атап өтті мәжілісмен. - Олар климаттың өзгеруіне де теріс ықпалы болады. БҰҰ ЮНИТАР оқу және ғылыми-зерттеу институтының дерегіне сәйкес Қазақстанның 2022 жылы осы салада экономикалық шығыны 649 миллион АҚШ долларына (288 миллиард теңге) бағаланды. Ал бағалы материалдарды қайта өңдеуден түскен түсім жылына 15 миллион АҚШ долларын (6 миллиард теңге) құрайды.
Ағымдағы осы жағдай сақтала отырып, тек шығын көлемі қсіп келеді, -деп атап өтті Сейтжан.
Өкінішке қарай , электронды қалдықтарды жинау және қайта өңдеу инфрақұрылымы бізде төмен. "KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың деректеріне сүйенсек, Қазақстанда ЭЭО жинау және қайта өңдеу бойынша 19 мамандандырылған кәсіпорын жұмыс істейді. Көптеген кәсіпорындар тек лицензия алып қана қояды. Және мұндай қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер мен қабылдау пункттері тек кейбір ірі қалаларда орнатылған және бүкіл қала тұрғындарын қамтуды қамтамасыз етпейді. Мамандандырылған компаниялармен қатар жұмыс істейтін бейресми қайта өңдеушілер негізінен ЭЭО-дан құнды компоненттерді шығарумен және оларды одан әрі қайта сатумен айналысады. Мұндай қайта өңдеушілер техникалық қаупсіздікті қрескел бұзады, сондай-ақ қауіпті компоненттермен жұмыс істеудің экологиялық емес тәсілдерін қолданады.
Қазақстанда электрондық қалдықтардың аз ғана бөлігі қайта өңделеді, салдарынан экологиялық және экономикалық тәуекелдер туындайды, - деді Кенжеғұл Сейтжан. – Бізде литий-ионды батареяларды қайта өңдеуден өткізбегендіктен бұған қатысты мүлде ақпарат жоқ. Сол үшін Қазақстанда литий-ионды батареялар қалдықтарын қайта өңдеудің кешенді технологиясын әзірлеу қажет. Қазір Павлодар қаласындағы Торайғыров университеті және Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы жоғарғы оқу орындағы ғылыми ұжым осы бағытта ізденістер жүргізіп жатыр. Алайда, технологияларды әзірлеу барысында ғылыми топтар бюрократиялық кедергілерге тап болады. Яғни ғалымдар тиісті гранттарынан айырылып отыр.