Сайлауалды абыр-сабыр күн өткен сайын қызып барады. Партияның астаналық штабында қарбалас тіршілік қайнап, дайындық жұмыстары үдей түсті. Бүгін елордалық штаб қалалық мәслихаттарға өз кандидаттарын тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына (АСК) тізімдерін ұсынды.
– Алдымен қалалық АСК-ға партиялық тізімді тіркеу үшін ұсындық. Өзін-өзі ұсынушыларға заңгерлік қолдау көрсеттік. Құжаттарын бір мандатты сайлау округтеріне жібердік, – деді ҚХП Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов.
Үміткерлер қатарында кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйым басшылары, педагогтар мен құрылысшылар, сала мамандары, құқық қорғаушылар мен қала белсенділері бар.
– Бұл азаматтар өмірдің түрлі салаларын жетік білетін тұлғалар. Олардың қатарында әйелдер мен ерлер, жастар бар. Мен олардың барлығына сәттілік тілеймін. Ал біз, өз тарапымыздан, жеңіске жеткен жағдайда, сайлаушыларымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсарта аламыз. Бұған күмән болмасын, – деді Н.Оразханов.
Айта кетейік, күн алды елордалық филиал XIX кезектен тыс конференциясын өткізіп, партиялық тізім бекіткен болатын. Оның құрамы 13 адамнан тұрды. Тағы 6 кандидат бір мандатты округтер бойынша ұсынылды.