Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы науқастарды дер кезінде қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты Үкіметтің жауабына көңіл толмайтынын білдірді. Бұған дейін ҚХП депутаттары науқастарды инновациялық препараттармен емдеуді бәсеңдететін министрлік бюрократиялық әрекетін сынға алған болатын.
– Еуропа мен АҚШ-та мақұлданған жаңа технологиялар Қазақстанда едәуір уақыттан кейін ғана қолжетімді болады. Бұл көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына әсер етеді, – деп атап өтті ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. -Препараттардың нарыққа толық шығуы және мемлекеттің пациенттерге шығынды өтеу үдерісі шамамен 5-7 жылды алады. Ең бастысы, пациенттер тіркелген препараттар бойынша терапияны уақытында ала алмайды.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың берген жауабына халық қалаулыларының көңілі толмады. Үкіметтің деректері бойынша Қазақстанда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз (АДДҚ) ету тізбесіне өлім-жітімге, өмір сүру ұзақтығына және мүгедектікке әсер ететін (қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті және т.б.) ауруларды емдеу үшін дәрілік заттардың 71 атауын енгізу жоспарланған.
Вице-премьердің жауабынша, наурыз айынан бері онкологиялық дертпен ауыратын 130 науқасты қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз еткен «Қазақстан халқы» қоғамдық қорының процеске қатысу мәселесі де түсініксіз. Бірақ пациенттердің ешқайсысы әлі қажетті ем алған жоқ, алайда онкологиялық қызмет Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелген. Дәрі-дәрмекке қол жеткізу мерзімін жақсарту үшін тіпті арнайы Жол картасы да белгіленген, бірақ онда көрсетілген мерзім тым ұзақ.
Вице-министр Тамара Дүйсеноваға тағы да қайталап сауал жолданды.