Энергетика саласында білікті кадрлар тапшы

15 наурызда ҚХП төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Талғат Темірханов Қарағандыдағы ЖЭО-3 ұжымымен кездесті.

Спикер еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партия өкілі ең алдымен энергетика саласындағы өзекті мәселелерді атап өтті. Ол еліміздегі электр желілерінің тозуы, білікті маман тапшылығы, Екібастұздағы апат екілді қордаланған проблемаларды тілге тиек етті.

Энергетика саласындағы кәсіпорындар төл теңгемізбен берілетін арзан несиден қағылып, салдарынан шетел банктерінен несие рәсімдеп жүр. Бір сөзбен айтқанда девальвация пайданы жұтып, елде қалуы тиіс несиенің пайыздары шетел асып жатыр. Екінші деңгейлі банктерді нақты секторды несиелеуге қайта бағыттау қажет. Сондай-ақ мемлекеттік «Өнеркәсіптік ипотека» бағдарламасын қабылдау керек.

Энергетика саласындағы кадр тапшылығы жеке тақырып болды. – Энергетика саласы мамандары жалақысының төмендігі – білікті кадрлардың тапшылығына әкеліп соқтырды. Тіпті энергетика саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар қызметін тастап жатыр. Сондықтан еңбекақыны арттыра отырып, энергетиктердің беделін қалпына келтіру қажет, – деді Талғат Темірханов.

Техникалық прогреске, баламалы көздердің дамуына, цифрландыруға байланысты қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру және жаңа кәсіптер бойынша қайта даярлау мәселесі де күн тәртібіне қойылуы тиіс. Осы орайда өндіріс пен ғылым-білім арасын байланыстыру да маңызды. Яғни энергетикалық кәсіпорындар мен жоғары білім ордаларының ынтымақтастығын жолға қою керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy