Ережелерден алып тастау

dep.jpg

Ендігі жерде Қазақстанда ақбөкендерді атуға рұқсат берілмейді. Мұндай түзетуді Орман және жануарлар дүниесі Комитеті әзірлеп, «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне енгізді. Құжат талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Естеріңізде болса, бұған дейін Экология министрлігі ақбөкендердің санын ату арқылы реттеуді ұсынған еді. Ең қарапайым есептеулер бойынша киікті «биологиялық жолмен жою» жүз мыңдаған басты құрауы тиіс еді. Шенеуніктер өз әрекеттерін жануарлардың шамандан тыс көбеюі салдарынан ауып көшкен кезде егістік жерлерді таптап өтіп, шаруа қожалықтарының тіршілігіне зиян келтіруде деп ақталған еді. Мәселе министрлер кабинеттерінде ұзақ уақыт талқылаудан өтті. Ал әлеуметтік желілерде өте белсенді түрде түрлі пікірлер айтылды.

Киіктерді атуға іс жүзінде өткен жылдың соңында рұқсат етілген. 2023 жылдың қазанынан ағымдағы жылдың ақпанына дейін Қазақстанда 42 мың бас киіктің көзі жойылып, Арқалық ет комбинаты өнеркәсіптік аулау аясында әкелінген киік етінен түрлі өнімдер шығара бастады.

– Киіктерді атуға тыйым салу мәселесін Қазақстан Халық партиясы әрдайым көтеріп келеді, - дейді ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова. - Бірақ «ұлы» экологтар киіктердің қауіпті әрі зиянды екенін «дәлелдеп жүр».

Партия мүшелерінің пікірінше, бұл тәсіл қоршаған ортаның биоәртүрлілігіне айтарлықтай зиян келтіріп, аймақтың экологиялық тепе-теңдігін бұзып, ақбөкеннің көбеюіне қатер төндіреді. Оның үстіне, мұндай тәсіл браконьерлердің дала еркесін емін-еркін қырып салуына жол ашып, ақбөкен мүйізін саудалаушыларға жағдай жасап береді.

– Бізде артық ақбөкен жоқ, - деп атап өтті ҚХП парламенттік фракциясының депутаттары өздерінің депутаттық сауалдарында. - Мәселе осы түрдің сапалы өмір сүруі үшін экожүйе құруда болып отыр. Не жануарлардың табиғи көші-қоны үшін жерлерді босату туралы мәселені шешу керек немесе фермерлерге киіктердің көші-қоны жолынан жылжып, тәуекелдерді азайту үшін субсидиялар немесе дотациялар беру мәселесін қарастыру қажет.

Қалыптасқан жағдайға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араласты. Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу барысында Мемлекет басшысы киіктерді атуға тыйым салатынын және бұрын қабылданған шешімнің күшін жоятынын мәлімдеді.

– Қазақстан бүкіл әлемге өзінің ақбөкендерімен танымал, - деп түсіндірді Тоқаев. - Осы оқиғаларға дейін мал басының көптігіне байланысты табиғи арсеналдан 400 мың киікті жою туралы шешім қабылданған еді. Қазір бұл тәжірибені тоқтату керек деп ойлаймын. Олар көбейе берсін.

Осыдан кейін ақбөкендер Мемлекеттік қызмет көрсету ережесінен алынып тасталды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy